Қоғамдық тәртіпті бұзғаны үшін жауапкершілікке тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында азамат М.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Азамат М. 2017 жылғы 28 маусымда шамамен 10 сағат 30 минутта, Ақтөбе қаласы, Жаңақоныс поселкесінде орналасқан «Арнайы емдеу-сауықтыру мекемесі» ММ-і ғимаратында, яғни қоғамдық орында кабинет есігін аяғымен теуіп, азамат К.-ның атына балағат сөздер айтып, төңірегіндегілерге сыйламаушылық білдіріп, қоғамдық тәртіпті, азаматтардың тыныштығын бұзған, сөйтіп ол ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 434 бабының 1 бөлімінде (ұсақ бұзақылық, яғни қоғамдық орындарда былапыт сөйлеу, қоғамдық тәртiптi және жеке тұлғалардың тыныштығын бұзу) көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылықты жасаған.

Соттың қаулысымен азамат  М. кінәлі деп  танылып, 7 тәулікке әкімшілік қамау түріндегі жауапкершілікке тартылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі