Қоғамдық орынды ластағаны үшін айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Әкімшілік Құқық Бұзушылық туралы Кодекстің 434-бабының 2-бөлігімен (ұсақ бұзақылық) И.-ға қатысты  әкімшілік құқық бұзушылық туралы ісін қарады.

Сот отырысында анықталғандай,  азамат И. Қандыағаш қаласы, Жамбыл көшесінде орналасқан үйдің алдында шемішкі шағып, қалдығын жерге лақтырып, қоғамдық орынды ластап, ұсақ бұзақылық жасаған.

Сот отырысында  құқық бұзушы И. өзінің кінәсін толығымен  мойындап, істеген іс-әрекетіне өкінетінін айтып көрсетті.

Сот қаулысымен құқық бұзушыға әкімшілік құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, оған 15 883 теңге айыппұл салынған.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі