«Әкімшілік процестік кодексі Қазақстандағы әкімшілік юстициясын құрудың негізі»тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қаласының мамандандырылған әкімшілік сотында «Әкімшілік процестік кодексі Қазақстандағы әкімшілік юстициясын құрудың негізі» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Аталған шараға Ақтөбе облыс судьялары, Ақтөбе облысының ІІД-нің, прокуратура және әділет органдарының өкілдері қатысты.

Аталған дөңгелек үстелдің мақсаты Қазақстан Республикасы Президенттің 2009 жылғы 24 тамыздағы № 858 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасының 2010 жылдан 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған құқықтық саясат тұжырымдамасында әкімшілік әділетті қалыптастыру жөніндегі негізгі ережелер қамтитын әкімшілік процестік кодекстің жобасын талқылау.

Іс-шара барысында Ақтөбе қалалық сотының судьясы А.Н.Абдраева, әкімшілік – процессуалдық заңнаманың реттелу пәні  азаматтық қарым-қатынастар мен экономикалық даулардан туындайтын қоғамдық-құқықтық дауларды шешу екендігін атап өтті.

«Заң жобасының құрамында әкімшілік сот ісін жүргізудін міндеттері мен принциптері, әкімшілік құқықбұзушылық туралы істердің соттылығы, әкімшілік даулардың соттылығы, әкімшілік істер мен даулардың өндірісі, іс қарау тәртібі, сот актілерінің қайта қаралуы, сот актілерінің орындалуы, жаңадан ашылған мән-жайлар бойынша іс қарау өндірісі туралы тарауларды қамтитынын судья А.Н.Абдраева атап өтті.

Дөңгелек үстел қорытындысында сындарлы диалог  өткізіліп, заң жобасы бойынша жұртшылықтың толық пікірлерін жинау мақсатында осындай іс-шараның басқа да мемлекеттік органдарда өткізілуіне пікірлерін білдірді. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі