Әкімшілік іс медиациямен аяқталды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық  туралы  кодексінің  73-бабының 1-бөлігімен Б.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды. (Отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер)

Сот отырысында құқық бұзушы Б. 04 тамыз 2017 жылы шамамен с.20.00 өзінің  үйінде алкогольдік ішімдік ішкен масаң күйінде өзінің некедегі жолдасы Б.-ға сыйламаушылық көрсетіп, былапыт сөйлеп, қорлап тиісіп, лас сөздермен балағаттап, үйдің тыныштығын бұзып, қасақана әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны анықталды.

Сот отырысы барысында жәбірленуші Б. құқық бұзушы Б.-ға  кешірім беріп, татуласқандықтарын айтып, сотқа медиативтік келісім шартын ұсынды.

Сот қаулысымен Б-ке қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 73 бабының 1 бөлігімен қозғалған әкімшілік іс медиативтік келісім негізінде жәбiрленушiмен татуласуына байланысты, әкiмшiлiк жауаптылықтан босатылып, сот өндірісінен  тоқтатылды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі