«Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтырулар» тақырыбында семинар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексіне енгізілген өзгерістер мен толықтырулар талқыланды.

Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды талқылауға Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының төрағасы А.Муканов,  Мұғалжар аудандық прокуратура, қалалық және желілік ПБ өкілдері қатысты.

Семинар кеңесте  сот төрағасы А.Муканов әкімшілік құқық бұзушылық туралы заңнаманың негізгі принциптерін мүлтіксіз сақтау жөнінде айта келе, әкімшілік құқық бұзушылық туралы істердің дұрыс қаралуы, құқық бұзушылық туралы хаттаманың сапалы толтырылуын қажет ететіндігін тілге тиек етті. Оның айтуынша, жекелеген істер бойынша хаттамалардың тиісті түрде толтырылмайтын және дұрыс ресімделмейтін фактілері жиі кездескен.

ескі кодексте құжаттар дұрыс толтырылмаған жағдайда қайта рәсімделуі үшін қайтару тәртібі көзделген болса, қолданыстағы әкімшілік кодексте ондай заң нормасы белгіленбегенін, сол себепті әкімшілік істердің заңға сәйкес ресімделуіне және сотқа уақытылы жолдануына аса назар аудару керектігін баса айтты.

Семинар соңында қатысушылар өз ойларымен бөлісіп, құқық қорғау органдарының өкілдері біркелкі жұмыс тәжірибесін қалыптастыру үшін тиісті ұсынымдар қабылдады.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі