Әкімшілік қамаққа алынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73-бабының 2 бөлігімен (отбасы-тұрмыстық қатынастар аясындағы құқыққа қарсы әрекеттер) аз.Л.-ке қатысты әкімшілік іс қаралды.

19.04.2017 жылы Ақтөбе облысы Мәртөк аудандық сотының қаулысымен құқықбұзушы аз.Л., Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 1 бөлімімен айыпты деп танылған, 2017 жылдың 19 сәуірінде кінәлі деп танылды, сонымен Мәртөк аулында үйінде айқай шу шығарып, өзімен бірге тұратын әйеліне былапыт сөздермен балағаттап, отбасының тыныштығын бұзып, отбасы-тұрмыстық қарым-қатынастағы құқыққа қарсы іс-әрекет, әкiмшiлiк жаза қолданылғаннан кейiн бiр жыл iшiнде қайталап жасады, яғни Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы Кодексінің 73 бабының 2 бөлігінде көрсетілген әкімшілік құқық бұзушылық жасады.

Сот қаулысы бойынша құқықбұзушы аз.Л.-ті.,  Қазақстан Республикасы әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 73- бабының 2 бөлігі бойынша кінәлі деп танылып, оған оң тәулікке әкімшілік қамаққа алу жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі