Хромтау аудандық сотында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау  аудандық сотында азаматтық істер бойынша іс жүргізуде дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны icкe асыру нәтижелерін талқылау жөніндегі  дөңгелек үстел өткізілді.

Іс-шарасында Хромтау ауданының кәсиби және кәсіби емес медиаторлары, жергілікті билік өкілдері, жергілікті БАҚ өкілі қатысты.

Пилоттық жобаны іске асыру кезеңінде, яғни 2017 жылғы ақпан-шілде айлары аралығында Хромтау аудандық сотымен  36 азаматтық іс пилоттық жоба шеңберінде қысқартылған..

Дөңгелек үстелдің жұмысы барысында медиация қолдану одан әрі дамуындағы сот және медиаторлардың аралығында ынтымақтастық мәселелері талқыланды.

Cот төрағасы  А.Балмұханов сөз сөйлеу барысында «Жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаның» нормаларын, оның мақсаттары мен міндеттерін туралы баяндап, пилоттық жоба 2017 жылғы 31 желтоқсанға дейін ұзартылғанын атап өтті.

Өткізілген іс-шара барысында қатысушыларға алдағы уақытта азаматтар мен заңды тұлғалардың құқықтарын қорғау мақсатында медиация бағытының дамытудың мақсаты мен қажеттілігі түсіндірілді.

А.Балмұханов қатысушылардың қызығушылық танытып  қойған сұрақтарына жауап берді, мемлекеттік кәсіпорындарының өкілдеріне халықтың арасында түсіндіру кеңестерін өткізуге шақырды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі