Дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында «Құжаттарды мұрағатта сақтау тәртібі туралы» тақырыбында жетекші маман Р.А.Айтмаганбетова дөңгелек үстел өткізді.

Дөңгелек үстелге Ақтөбе облысы бойынша мемлекеттік мұрағаты ММ-нің Шалқар филиалының директоры Е.Мусин қатысты.

Дөңгелек үстелде жетекші маман Р.А.Айтмаганбетова өз баяндамасында жасаған құжаттарды мұрағатта сақтау және мемлекеттік мұрағатқа тұрақты сақтауға тапсыру тәртібіне тоқталып, түсіндірме жасады. 

Сонымен қатар, кеңсе меңгеруші Н.С.Ерниязова сот саласындағы жаңалықтарға қысқаша тоқталып,  сот мұрағатында «Электрондық мұрағат» бойынша жұмыстар жүріп жатқандығын, болашақта істер (құжаттар) қағаз жүзінде емес электронды түрде сақтау  мақсатында іс-шаралар қолға алынып жатқандығын атап өтті.

Шара соңында қатысушылар мұрағат жұмысына қатысты өз пікірлерімен алмасты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі