Діни экстремизм мен ланкестікке қарсы тұру

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қазақстан Республикасында діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2013-2017 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламаны орындау мақсатында Мәртөк аудандық сотында 2017 жылғы 14 наурызда Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері капитан полиция Р.Майлыбаев мен «Мамандандырылған күзет қызметінің басқармасы «Күзет» ММ-нің қызметкері К.Касинов қатысуымен «Діни экстремизм мен ланкестікке қарсы тұру» тақырыбында семинар өтті.

Семинарды Мәртөк аудандық ішкі істер бөлімінің қызметкері капитан полиция Р.Майлыбаев ашып, объектілерде қауіпсіздік шараларын сақтау, діни экстремизмге және ланкестікке қарсы тұру бойынша шараларды жүзеге асыру маңызына назар аударды. Семинарда терорризме қарсы туралы бейнеролик көрсетілді.

Семинардың мақсаттары бірнеше бағыттарды қамтиды: діни экстремизмнің танытуын және ланкестікке қауіпсіздігін алдын-алу арқылы, сот жасауылдардың, сондай-ақ, сотты күзетілудегі «Күзет» қызметкерлерінің кәсіби деңгейін көтеру арқылы адамның, қоғамның және мемлекеттің қауіпсіздігін қамтамасыз ету.

Семинар соңында қатысушыларда объектілерде қауіпсіздікті сақтау шаралары бойынша сұрақтарды мамандарға қою мүмкіншілігі болды.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі