Дауларды медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны талқылау арналған семинар-тренинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау
Мәртөк аудандық сотында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу бойынша пилоттық жобаны жүзеге асыру» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.

Тренингтің тыңдаушылары ретінде судьялар, медиаторлар, нотариустар мен ҮЕҰ өкілдері қатысты.

Судья үйлестіруші Е.Нуршарыпов азаматтық сот өндірісінде даулардың жекелеген санаттары бойынша медиация институтын міндетті түрде қолдануды енгізу бойынша пилоттық жобаның өзектілігін атап өтті.

«Жоба татуластыру рәсімдерінің қолдану аясын кеңейтуге, азаматтардың сот шығындарын азайтуға, халықтың дауларды соттан тыс реттеуге қызығушылығын анықтауға бағытталған», - деп атап көрсетті семинар тренері. Сонымен қатар, ол медиация рәсімін қолдану қажет болатын даулар (жанжалдар) санатына тоқталып, оның қоғамдағы шиеленістің төмендеуіне әкеліп соқтыратын тиімді жақтарын көрсетті.

Семинарға қатысушылар пилоттық жобаны қолдап, оның жүзеге асырылуына дайындықтарын білдірді.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі