«Бұйрық арқылы іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында  «Ақтөбеэнергоснаб» ЖШС өкілі С.М.Кұлмағанбет, «Ақбұлақ» АҚ өкілі Д.Б.Сермаханова, «Теміржолсу-Ақтөбе» ЖШС өкілдері Г.Е.Тұрабекова, Ж.Ы.Абан және сот судьяларының қатысуымен «Бұйрық арқылы іс жүргізу» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді.

Төраға міндетін атқарушы А.М.Жүсіпов бұйрық арқылы  іс жүргізу істі қараудың ерекше тәртібіне ие екендігін айтты. Сот бұйрығы сот актісі болып табылады, оны өндіріп алушының ақшаны өндіріп алу немесе борышкерді және өндіріп алушыны олардың түсіндірмелерін тыңдау үшін шақырмай-ақ және сот талқылауынсыз, даусыз талаптар бойынша борышкерден жылжымалы мүлікті талап ету туралы арызы бойынша судья шығарады. Сонымен қатар, ол сот бұйрығының атқарушылық құжат күші болатындығын атап өтті. Сот бұйрығы қандай талаптар бойынша шығарылатындығы, сот бұйрығын шығару туралы арызды қабылдаудан бас тарту және қайтару негіздері, шығару тәртібі мен мерзімі және т.б. туралы айтып өтті.

Дөңгелек үстел барысында сот судьялары және шақырылғандар осы тақырыпқа байланысты өзара пікір алмасты. Ал іс-шараның соңында төрағалық етуші барлық қатысушыларға белсенділіктері үшін алғысын білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі