Берешек пен тұрақсыздық сомасын өндіру туралы азаматтық іс қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына  «А» ЖШС-гі «Т» ЖШС-нен 5 952 095 теңге көлемінде берешек, 2 976 047 теңге көлемінде тұрақсыздық сомасын өндіру туралы талап арызымен жүгінді.

2015 жылғы 28 шілдеде тараптар арасында № 56 жеткізілм шарты жасалған, оның шарттарына сай «А» ЖШС тауар жеткізуге, ал «Т» ЖШС тауарды қабылдап және төлеуге міндеттенеді. Шартты орындау мақсатында талап қоюшы 5 952 095 теңге сомасында тауар жеткізілімін жүзеге асырды, ал жауапкермен төлем жасалынбаған.

Сонымен қатар, шарттың 5.2 тармағына сай талап қоюшы тұрақсыздық есебін жасаған, оның көлемі 2 976 047 теңгені құрады. Сот аталмыш тұрақсыздық есебін негізді және дұрыс деп есептейді.

Сот шешімімен «А» ЖШС-нің талабы қанағаттандырылды.

Сот «Т» ЖШС-нен «А» ЖШС пайдасына 5 952 095 (бес миллион тоғыз жүз елу екі мың тоқсан бес) теңге көлемінде берешек, 2 976 047 (екі миллион тоғыз жүз жетпіс алты мың қырық жеті) теңге көлемінде тұрақсыздық, 267 844 (екі жүз алпыс жеті мың сегіз жүз қырық төрт) мың көлемінде мемлекеттік баж төлеу бойынша сот шығындарын өндіруді шешті.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі