Азаматтық іс бойынша сот бітімгершілік келісім бекітті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотымен «М» ШҚ-ның «С» ЖШС-нен 2 396 999,60 теңге көлемінде берешек сомасын өндіру туралы талабы бойынша азаматтық іс қаралды.

2017 жылғы 1 қаңтарда «С» ЖШС мен «М» ШҚ арасында жеткізілім шарты жасалған. Тараптар арасында қол қойылған салыстыру актісіне сай, шарт бойынша талап қоюшымен:

2017 жылғы 1 наурыздан 31-не дейін – жалпы сомасы 815 400,00 теңгеге;

2017 жылғы 1 сәуірден 30-на дейін – жалпы сомасы 907 329,6 теңгеге;

2017 жылғы 1 мамырдын 31-не дейін – жалпы сомасы 880 460,00 теңгеге;

2017 жылғы 1 маусымнан 30-на дейін – жалпы сомасы 436 080,00 теңгеге тауар жеткізілген.

Жалпы сомасы 3 039 269,6 теңге құрады.

Алайда, жауапкермен тауар үшін төлем ішінара жасалғандықтан, жауапкерде 2 396 999,60 (екі миллион үш жүз тоқсан алты мың тоғыз жүз тоқсан тоғыз теңге 60 тиын) көлемінде берешек жинақталған. Осыған байланысты талап қоюшы талап арызында соттан берешек сомасын өндіруді сұраған.

Тараптар өкілдерінен келесі шарттар бойынша бітімгершілік келісімін бекіту туралы өтінішхат түсті:

- «С» ЖШС «М» шаруа қожалығына жалпы сомасы 2 447 000 теңге ақшалай қаражат беруге, оның ішінде 2 396 999,60 теңге берешек сомасы, 50 000 теңге өкіл көмегін төлеу үшін кеткен шығынды төлеуге міндеттенген. Жоғарыдағы сома келесі тәртіпте:

-1 223 500 теңге көлемінде соманы 2017 жылғы 20 тамыз мерзіміне дейін;

-1 223 500 теңге көлемінде соманы 2017 жылғы 20 қыркүйек мерзіміне дейін төленеді.

Бітімгершілік келісім  уәкілетті тұлғалармен қол қойылған, заңға қайшы емес және үшінші тұлғалардың құқықтары, міндеттері мен заңды мүдделеріне нұқсан келтірмейтіндіктен, сот бітімгершілік келісімін бекітуді анықтады.

Сот ұйғарымымен бітімгершілік келісімі бекітілді, іс бойынша іс жүргізу тоқтатылды.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі