Азаматтық іс бойынша дау медияциялық келісім арқылы шешілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотына   талап қоюшы «Т» АҚ   жауапкер жеке кәсіпкер «Ж» жалпы үй аумағын бастапқы жағдайдағы қалыпқа келтіруге міндеттеу туралы талап арызымен жүгінді.

2017 жылғы 8 ақпандағы сот ұйғарымы бойынша тараптардың арасында медиациялық келісіміне қол қойылып, жауапкер жалпы үйдің ішкі пәтерлік жүйеге байланысты  бастапқы жағдайдағы қалпына келтіруге міндеттелді.

Міндеттемелерін дұрыс іске асырған жағдайда талапкер жауапкерге қарсылығын білдірмейді.

Талапкер «Т» АҚ-на 1 135 теңге мөлшеріндегі төленген баж салығы қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген  жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі