Айыптау үкім шығарылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық соты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес, яғни бұзақылық жасау фактісі бойынша қылмыстық іс қарады.

2016 жылдың 18 желтоқсанда сағат 23-00 шамасында Мәртөк ауылы  «Достық» кафесі қасында  сотталушылар аз.А., және аз.Ж. алкогольды масаң күйінде бұзақылық жасау мақсатында, қоғамдық тәртіпті қоғамды құрметтемеу анық көрінетін, азаматтарға күш қолданумен, елеусіз сылтауды пайдаланып, жәбірленуші аз.Ю-дың әрі кету талабына бас тартуына байланысты, қасақана, бірнеше рет оны ұрып соғып,  жәбірленушінің денсаулығына жеңіл дәрежелі зиян келтірді.

Сот сотталушы аз.А-ға қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 293-бабының 2-бөлігінің 1-тармағына сәйкес қылмыстық іс өндрісті ақталмайтын негіздері бойынша медиация әдісі тәртібімен қысқартылды, ал сотталушы аз.Ж-ға қатысты айыптау үкім шығарды, яғни кінәлі деп таныды, жаза ретінде 1 жылға бас бостандығын шектеу және пробациялық бақылау тағайындалды.

Үкім және қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі