Аса iрi мөлшерде жымқыру жасады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 189 бабы 4 бөлімі 2 тармағы бойынша қылмыстық іс қаралды (аса iрi мөлшерде кiнәлiге сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi иемденiп алу немесе талан-таражға салу, яғни жымқыру).

Аз.В., «ООО» ЖШС-не техникалық маманы болып жұмыс жасап, 2016 жылдың қараша айының 1-нен желтоқсан айының 21-і аралығында Ақтөбе облысы Мәртөк ауданы Мәртөк ауылында орналасқан  сауда орындарында өзін-өзіне қызмет көрсету терминалдарын, қасақана, пайдакүнемдік ниетімен,  өзінің қызметтік жағдайын пайдаланып, еркін кіру жолымен, аса iрi мөлшерде оған сеніп тапсырылған «ООО» ЖШС-нің 11 203 630 теңге ақшасын жымқырды, яғни «ООО» ЖШС-не аса iрi мөлшерде 11 203 630 теңгеге материалдық зиян келтірді.

Сот үкімімен сотталушы аз.В. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 189-бабы 4 -бөлімі 2-тармағына сәйкес кінәлі деп танылды, 7 жылға бас бостандығын айыру мен мүлікті тәркілеу жаза тағайындалды, 8 403 630 теңге материалдық зиян, 252 109 теңге мемлекеттік баж  өндірілді. Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі