2017 жылдың 7 ай жұмыс қорытындысы бойынша баспасөз маслихаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би  аудандық сотында сот төрағасы А.Әбдіров  2017 жылдың 7 айының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихатын өткізді.

Баспасөз мәслихатына «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраев қатысты.

Сот төрағасы А.Әбдіров, 2017 жылдың 7 айында аудандық сотпен 29 қылмыстық іс, 182 азаматтық іс және 196 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс қаралды. Осы кезеңде тараптардың татуласына байланысты 6 қылмыстық іс, 33 азаматтық іс және 21 әкімшілік құқық бұзушылық туралы іс аяқталғанын, қаралған істердің бұйрық арқылы және оңайлатылған(жазбаша) өндірісін есептемегенде барлық істер бойынша сот процестері үн-бейне жазбасын қолдану арқылы өткізіледі. 

 Баспасөз мәслихаты соңында А.Әбдіров алдағы уақытта да сот төрелігін жүзеге асырудың сапасын арттыру, іс қарау мерзімін сақтау, сот отырысының уақтылы басталуы мен сот актілерінің уақтылы  берілуі және де бітімгершілік рәсімдерінің партисипативтік тәсілінің қолдану аясын кеңейту, азаматтар мен заңды тұлғалардың конституциялық құқықтарын қорғау басты назарда ұстап жұмыстар жалғастырылатынын атап өтті.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі