2016 жылдың 12 айы бойынша соттың жұмыс қорытындысы баспасөз мәслихатында талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мәртөк аудандық сотында бұқаралық ақпарат құралдары «Мәртөк тынысы» газетінің тілшісі Қалпиева Аманат қатысуымен, 2016 жылы 12 айында сотпен  атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты  өтті.

Баспасөз мәслихатында төраға М.Дүйсен статистикалық мәліметтерді, істер саннатары туралы және қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша өткен жылдың мезгілімен салыстыру көрсеткіштері айтылды.

2016 жылдың  12  айында  147 тұлғаға қатысты 130 қылмыстық іс, 343 азаматтық іс, 590  әкімшілік істер қаралды.

Атап айтқанда, 83 сотталушыға қатысты 75 қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды, 59 адамға қатысты 48 қылмыстық іс өндірісі қысқартылды, оның ішінде сотталушының жәбірленушімен татуласуына байланысты 56 адамға қатысты 46 қылмыстық іс, 1 адамға қатысты 1 қылмыстық іс соттылығы бойынша жолданған, 7 адамға қатысты 6 қылмыстық іс прокуратураға қайтарылған. Сонымен қатар 56 адамға 46 қылмыстық іс өндірістері кәсіпқой емес медиатор қатысуымен арқылы қаралған, барлық істер бойынша медиация әдісі қолданылды.

Сотта қаралған 343  азаматтық істер бойынша:

170 азаматтық іс шешім шығару арқылы, 1 азаматтық іс ұйғарым шығару арқылы,  108 іс сот бұйрығын шығару арқылы қаралған, 51 іс өндірісі қысқартылған, ал 10 іс қараусыз қалдырылды.

Қысқартылған істердің ішінде  7 азаматтық іс бойынша татуласу келісім бекітілді, 20 іс бойынша сот медиация қолданылды және 2 іс бойынша сот тараптардың қорғаушылары партисипативтік тәртібі бойынша келісімге келді.

Баспасөз мәслихатына келген БАҚ өкілінің әртүрлі сұрақтары тыңдалып, көптеген сұрақтарына жауап берілді. 

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі