Жүкті құжатсыз тасымалдау үшін үш миллион айыппұл салынды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында «КТЖ-Жүк тасымалы» АҚ «ГП Ақтөбе бөлімшесі» филиалына қатысты  әкімшілік құқық бұзушылық іс қаралды.

Іс материалдары бойынша,  17.11.2016 ж. 13 360 тонна, 29.11.2016 ж. 13 360 тонна биоотын мұнай өнімдерін Шалқар стансасындағы «ТЭК Қазахстан» ЖШС қоймасынан Тассай стансасының әкімшілік-тұрмыстық бу қазандығына ілеспе жүк құжатынсыз тасымалдап мұнай өнімдерінің айналымы шарттарын бұзған.

Сөйтіп Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 281-бабының 5-бөлігінің 2-тармағында көрсетілген құқық бұзушылықты жасаған. (Биоотынды, этил спирті мен алкоголь өнімін қоспағанда, Қазақстан Республикасының мұнай өнімдері мен акцизделетін тауарлардың жекелеген түрлерін өндіруді және олардың айналымын мемлекеттік реттеу саласындағы заңнамасын бұзу)

Соттың қаулысымен «КТЖ-Жүк тасымалы» АҚ – «ГП Ақтөбе бөлімшесі» филиалы ҚР ӘҚБтК-нің 281-бабының 5-бөлігінің 2-тармағымен кінәлі деп танылып,  әкімшілік құқық бұзушылық жасаудың тікелей нысаналары болып табылатын мұнай өнімдері тәркіленіп, әрбiр құқық бұзушылық үшiн  1 815 200 теңгеден, барлығы 3 630 400 (үш миллион алты жүз отыз мың төрт жүз) теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі