Жерді мемлекеттік мұқтаж үшін алуға байланысты даулар

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында  «Мемлекеттік мұқтаж үшін жерді алып қоюына байланысты даулар» атты тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді.

Дөңгелек үстел кеңесіне Ойыл аудандық жер бөлімінің бастығы Ж.Ержанов, Ойыл аудандық сәулет, қала құрылысы және құрылыс бөлімінің бастығы А.Кенжебаев, Ойыл селолық округ әкімінің орынбасары Т.Сенғалиев, Ойыл аудандық прокурорының көмекшісі А.Өмірсеріковтың қатысуымен өтті.

Дөңгелек үстел барысында сот төрайымы С.Танимова  қатысушыларды ҚР Жоғарғы Сотымен мемлекеттік мұқтаждық үшін жерді алып қою бойынша сот тәжірибесіне жүргізілген қорытуымен таныстырып, жер телімінің құрылысы, игеру мерзімі, өтіп кеткен болса, және жерді заңнаманы бұза отырып қолдану жағдайлары орын алса мемлекеттік органдарда телімді мәжбүрлі түрде алуға құқықтары бар, ал жер учаскелерінің меншiк иелерiнен және жер пайдаланушылардан жер учаскелерін мәжбүрлеп алып қою жер учаскесі орналасқан жер бойынша жердің пайдаланылуы мен қорғалуына мемлекеттік бақылауды жүзеге асыратын органдардың талап арызы бойынша сот тәртібімен жүргiзiледi деп түсіндірді.

Дөңгелек үстел барысында қатысушылардың ұсыныстары тындалып, қойылған сұрақтар бойынша жер заңнамасын жетілдіруі бойынша пікірлерімен алмасты.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі