Жекеше айыптау істерін қарау ерекшеліктері

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында «Жекеше айыптау істерін қарау ерекшеліктері» тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

Дөңгелек үстелге Қарғалы ауданының прокуратура, ішкі істер бөлімінің басшылары және өкілдері қатысты.

Дөңгелек үстелде барысында жекеше айыптау бойынша өзекті мәселелер талқыланды.

Аудандық соттың төрағасы Н.Аманкулова өз баяндамасында жекеше айыптау істері бойынша статистикалық мәліметтерді келтіріп, сотқа жекеше айыптау тәртібіндегі шағымдарды қабылдауды түсіндірді.

Сонымен қатар, төраға сотқа материалдарды жолдау барысында ішкі істер бөлімі қызметкерлерінің тарапынан жіберілетін кемшіліктер жөнінде айтып өтті.

Дөңгелек үстел қатысушылары жекеше айыптау жадығатын жасақтау барысында туындайтын өзекті мәселелер бойынша өз пікірлерімен бөлісті.

Талқылаудың қорытындысы бойынша төраға Н.Аманкулова ішкі істер бөлімінің қызметкерлеріне қылмыстық және қылмыстық-процестік заңнамалардың талаптарын басшылыққа алып, материалдарды дұрыс және сапалы ресімделуіне көңіл бөлуді және арызданушыларға түсіндіру жұмыстарын жүргізуді ұсынды.  

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі