Жалған мемлекеттік нөмір тағып автокөлік басқарғаны үшін жауапқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық  сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің  590-бабының 4-бөлігімен азамат Б. қатысты әкімшілік іс қаралды (көрiнеу жалған немесе қолдан жасалған мемлекеттiк тiркеу нөмiрi белгiлерi бар көлiк құралын басқару).

Іс материалдарына сай, азамат Б.  Шалқар қаласы Жалмағанбетов көшесі бойында « Lada 21703 маркалы" көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар  автокөлікті  басқарған.

Құқық бұзушы  Б.кінәсін мойындап, жазбаша түсінігінде  21.01.2017 ж. сағат 20.51-шамасында бұл  көрінеу жалған мемлекеттік тіркеу нөмірі бар  автокөлікті  басқарғанын, сол жалған тіркеу нөмірін өз үйінен тауып алғанын көрсеткен.  

Шалқар аудандық сотының қаулысы бойынша азамат Б. Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 590- бабының 4-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде көлік құралын басқару құқығынан бір жыл мерзімге айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі