Әйтеке би аудандық сотында брифинг өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында Әйтеке би аудандық «Жаңалық Жаршысы» газетінің тілшісі Е.Әбдіраевтың қатысуымен брифинг өтті.

Брифингтте аудандық соттың төрағасы А.Әбдіров, 2017 жылы 29 қантар күні 09 сағат 00 минутта, сотталушы М. қасақана пайда күнемдік ниетте, заңсыз жолмен пайда табу мақсатында, ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру, қоймаға заңсыз кіру туралы қылмыстық ойын жүзеге асыру мақсатында, Әйтеке би ауданы, Комсомол селосы, Т.Жүргенов көшесі бойында орналасқан шаруа қожалығына тиесілі гаражға заңсыз кіріп, гараж ішінде жөнделуде тұрған шаруа қожалығына тиесілі «Зил-130» маркалы автокөлігінің жүргізуші есігінің астында орналасқан қара түсті темірден жасалған қорап ішінен бағасы 43 500 теңге тұратын «BM ENERGY 6СТ-190L» маркалы аккумуляторын көріп, оған келіп тұрған тоқтарын екі қолымен қасақана үзіп, орнынан көтеріп шығарып, бөтеннің мүлкін жасырын түрде жымқыру мақсатында ұрлап, оқиға орнынан бой тасалаған.              

Сөйтіп, сотталушы М. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 188-бабынын 2 бөлігі 3 - тармағында (ұрлық) көрсетілген қылмысты жасағаны үшін сот оған 2 жылға бас бостандығынан шектеу жазасын тағайындады.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі