Әйтеке би аудандық сотында баспасөз мәслихаты өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында 2017 жылдың 2 айында сотпен атқарылған жұмыстарының қорытындысы бойынша баспасөз мәслихаты өтті.

Іс-шараны сот төрағасы А.Әбдіров, «Жаңалық жаршысы» газетінің бас редакторы Г.Н.Стручковтың қатысуымен өткізді.

Әйтеке би аудандық сотының өндірісінде 2017 жылдың 2 айында 13 қылмыстық іс, 33 азаматтық іс, 54 әкімшілік іс қаралғанын сот төрағасы атап өтті. Сонымен қатар қаралған 33 азаматтық істен 7 азаматтық іс медиация арқылы қысқартылғаны көрсетілді. «Сот кабинеті» электрондық сервисі бойынша және семинарлар, дөңгелек үстелдер, брифингтер жүргізілгені түсіндірілді.

Сонымен қатар, 2017 жылдың ақпан-шілде айлары арасында «Даулардың жекелеген санаттары бойынша дауларды (жанжалдарды) медиация тәртібімен сотқа дейінгі реттеуді енгізу» бойынша пилоттық жоба жүргізіліп жатқаны туралы атап өтті.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі