«Әйелге қарсы зорлық зомбылық жоқ» тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотының кеңсе меңгерушісі Г.Танкиева Ойыл аудандық мәдениет және демалыс орталығында Қазақстан Республикасындағы Гендерлік саясатты насихаттау мақсатында «Әйелге қарсы зорлық зомбылықты жою» тақырыбында өткізілген дөңгелек үстел кеңесіне қатысты.

Іс-шараға Ойыл ауданы бойынша үкіметтік емес ұйымдар өкілдері, «Ақ аже» қоғамдық ұйым мүшелері қатысты.

Аудандық соттың кеңсе меңгерушісі Г.Танкиева тақырып бойынша баяндама жасады. Баяндама барысында гендерлік саясаттың принципі қоғамда кездесетін қылмыстың алдын алу және  әйелдерге қатысты кемсітушіліктің барлық түрлерін жою екенін атап өтті.

Сонымен қатар, дөңгелек үстел барысында әйелдердi кемсiтушiлiктiң барлық нысандарын жою туралы Конвенциясының талаптарын жүзеге асыру мәселелері талқыланды.

Барлық туындаған сұрақтар бойынша қатысушыларға түсіндіру берілді. 

Источник: 
Пресс-служба Актюбинского областного суда