ҮЕҰ өкілінің қатысуымен дөңгелек үстел өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысының мамандандырылған ауданаралық экономикалық сотында «Гендерлік саясаты» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Дөңгелек үстелге  сот судьялары, «Ақтөбе қаласының әйелдерді қолдау орталығы» ҚБ-нің өкілі және прокурор көмекшілері қатысты.

Баяндамамен судья Айнұр Аманжанқызы Имантаева бөлісті. Баяндама мәтініне сәйкес, тәуелсіз елімізде әйелдер құқығын қорғауға мен олардың  кез келген салада жемісті жұмыс атқаруына барынша мән берілетіндігін атап өтті.

Дөңгелек үстел барысында, судья тәуелсіздік жылдары гендерлік саясатты дамыту мақсатында жасалған жұмыстардың қатары туралы ақпаратпен бөлісті. 2030 жылға дейінгі отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы ерлер мен әйелдердің құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау саласында еліміздің жетістіктерге жеткендігінің бір дәлелі екендігін ерекше атап өтті.

Сот судьялары мен қолдау орталығы өкілі гендерлік теңсіздікке қатысты өмірлік жағдайларды сөз етті. Іс шара соңында қатысушылар пікірлерімен бөлісті және өткізіліп жатқан дөңгелек үстелдің маңыздылығын атады. Сот төрағасы міндетін атқарушы қатысушыларға, оның ішінде ҮЕҰ өкіліне де қатысқандығы үшін алғысын  білдірді.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі