Тараптардың арасында медиативтік келісім жасалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы С. жауапкер У. заем шартын заңсыз деп тану туралы азаматтық ісі қаралды.

Талап қоюшы С. сотқа жауапкер ЖШС У. 09.06.2015 жылғы  №1084419 талап қоюшымен жауапкер ЖШС арасындағы заем шартын (әрі қарай Шарт) заңсыз деп тану туралы талап арызбен жүгінген. Талап қоюшы  шарт бойынша қарыз екенін 11.08.2016 жылы ғана білген. Бірақ аталмыш шартқа қол қоймаған және ешқандай қатысы жоқ. Шарт жасасу фактісі бойынша ол тумасы У. күдіктенген, себебі бұрын ол оның банк картасынан ақша ұрлаған. У. С. банк картасын ұрлап, банкоматпен онлайн қызмет көрсету арқылы 55 000 теңгеге банк заем шартын жасасып, банк картасынан шешіп алып өзінің қажеттілігіне жұмсағанын мойындады. У. өзінің кінәсін мойындап, полицияға арыз жазбауын, 800 000 мың теңге көлемінде залалды қайтаратыны туралы қолхат жазған. Бірақ осы күнге дейін У. келтірілген залал өтелмеген. ЖШС алдындағы қарыз төленбеген, сол себепті С.шартты заңсыз деп тануды сұрап отыр.

Ақтөбе қалалық сотының  ұйғарымына сәйкес тараптардың арасында медиативтік келісім жасалды, келісім шарт бойынша: У. шартқа қол қоймай тұрып С. 232 500 (екі жүз отыз екі мың) теңге төлейді; талап қоюшы С. талап арыздан бас тартады; сот шығындары төленген деп есептеледі; тараптар келесіде Қазақстан Республикасының заңнамасына сай  әрекет жасауға  міндеттенеді.

Сот ұйғарымы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі