«Тараптарды сот отырысына СМС хабарламалардың жолдануы арқылы тиісті шақыртылуы»

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотының кеңсе меңгерушісі А.Кушкенбаева сот мамандарының қатысуымен «Азаматтардың сот отырысына СМС хабарламалардың жолдануы арқылы тиісті шақыртылуы» тақырыбында семинар сабағын өткізді.

Өз сөзінде А.Кушкенбаева, хабарламалар мен шақырулар хабарланатын немесе шақырылатын адамның сотқа уақытылы келуіне және іске дайындалуына жеткілікті мерзімі болатындай есеппен істі сот талқылауына дайындау туралы ұйғарым шығарылған күннен не сот талқылауы тағайындалған күннен кейінгі келесі күннен кешіктірілмей жіберілуге тиіс екенін айтты.

Сондай-ақ, ұялы байланыстың абоненттік нөмірі немесе электрондық мекен-жай бойынша жіберілетін хабарда: хабарландырылатын немесе сотқа шақырылатын адамды (хабарлау жіберілетін адамның тегін, атын, әкесінің атын (егер ол жеке басты куәландыратын құжатта көрсетілсе) не заңды тұлғаның атауын) көрсету; соттың атауы мен мекенжайы; келетін жері мен уақытын көрсету; адресат хабарландырылып немесе шақыртылып отырған істің қысқаша атауы; адресаттың кім ретінде хабарландырылып немесе шақыртылып отырғандығын көрсету; хабар жіберген адамның тегі мен аты қамтылуға тиіс екенін көрсетті.

Шараны қорытындылай келе СМС хабарламаларды жіберу сапасын арттыру жөнінде өз ойларымен бөлісті.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі