Тараптар медиативтік келісімге келді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотында талап қоюшы К. жауапкер О.-дан бережақ соманы өндіру туралы азаматтық іс қаралды.

Талап қоюшы өз талаптарын жауапкер 2016 жылғы қолхатқа сәйкес, залалды өтеу бойынша автокөлікті жөндеуді өзіне міндеттеме алған, алайда жауапкер өз міндеттемесін орындамағанын негіздеген. Сотта талап қоюшы жауапкерден 800 000 теңгені өндіруді сұраған.

Аталған іс бойынша тараптар азаматтық істі қараушы судьяның қатысуымен медиативтік келісімге келіп, соттың ұйғарымымен бекітілді.

Медиативтік келісімнің шарттарына сәйкес, жауапкер 30-нан кешіктірмей 2018 жылдың 30 тамызына дейін талап қоюшы К.-ның карточкасына ай сайын 50 000 теңге аударуды міндеттенді, ал талапкер өз талабынан бас тартты.

Медиативтік келісімді бекіту туралы ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі