Тараптар медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс қысқартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар ауданының №2 аудандық сотымен Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 188 бабының 1 бөлімімен (ұрлық) азамат У.-ға қатысты қылмыстық ісі қаралды.

Қылмыстық істің құжаттарына сай, аз.У. 09 шілде 2017 жылы, пайдакүнемдік ниетте, бөтен мүлікті жасырын жымқыру мақсатында Мұғалжар ауданы Жем стансасының теміржол вокзалына  кіріп,  аз.А.-ға тиесілі «TP-LINK» маркалы модемді жымқырып, оған 10 790 теңге мүліктік залал келтірген.

Сот отырысында жәбірленуші аз.А. қылмыстық әрекет салдарынан келтірген зиянды сотталушы У. өтегендіктен және сотталушымен медиация тәртібімен татуласқандықтан істі қысқартуды көрсеткен.

Сот қаулысымен ҚР ҚК-нің 188 бабының 1 бөлімімен қылмыстық жауаптылыққа тартылған аз.У ҚР ҚК-нің 68 бабының 1 бөлімінің негізінде қылмыстық жауаптылықтан босатылып, тараптардың  медиация тәртібімен татуласуына байланысты қылмыстық іс өндірістен  қысқартылған.   

Сот қаулысы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі