Талап арыз ішінара қанағаттандырылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотында талапкер А.-ның  жауапкерлер К. және Б.-ға қатысты материалдық шығынды өтеу, моральдық зардаптың орнын толтыру туралы азаматтық іс қаралды.

Талап арыз келесідей негізделеді: 2016 жылдың  тамыз айының 10-ы жұлдызында  Ақтөбе қаласының  Сәтпаев  көшесінде жол көлік апаты орын алып,  қолында міндетті сақтандыру шарты болмай тұра және де көлік айдауға құқық беретін құжаттарынсыз К. басқарған «Toyota Avensis» маркалы автокөлігі жол ережесін бұзып  «Audi» маркалы А. басқарған автокөлікпен соқтығысқан. Көлік апаты кесірінен  талапкер А.-ға тиесілі автокөлікке  механикалық зақым келтірілген.

Ақтөбе қаласы ІІД-ның ЖПБ-ның ақпаратына сәйкес «Toyota Avensis»  автокөлігі  Б.-қа тиесілі,  жылжымалы мүліктің бағалау есебіне сәйкес, «Audi» маркалы автокөлікті қайтадан орнына келтіру құны 1 561 158 тенге. Қылмыстық істің ұзақ қаралуына байланысты  автокөлік Жол Полиция Басқармасының тұрағында тұрғанына байланысты, талапкер автокөлікпен қолдана алмаған, жұмысқа және басқа шаруаларына  қоғамдық көлікпен жетуге мәжбүр болған, жоғарыда айтылған мәселе бойынша  моральдық зардап тартып, зардаптың құнын 400 000 теңгеге бағалап отыр.

Сот шешімімен А.-ның талап арызы  ішінара  қанағаттандырылды.

Сот К. мен Б.-дан талапкердің пайдасына 1 561 158 теңге материалдық шығынды  өндірді. А.-ның моралдық шығынды өндіру талабын қанағаттандырудан бас тартты.

Шешім  заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі