Суық қаруды заңсыз алып жүргені үшін қоғамдық жұмысқа тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 287-бабының 1-бөлігімен (қаруды, оқ-дәрiлердi, жарылғыш заттарды және жарылыс құрылғыларын заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру) айыпталған  Б.-ға қатысты қылмыстық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2017 жылдың 1-қаңтарында  Б. қолдан жасалған «кастетті» өзімен бірге заңсыз алып жүрген.

Крининалист-маманның қорытындысына сай, Б.-дан алынған қолдан жасалған «кастет»  суық қару болып табылады.

Сот отырысында Б. өзіне тағылған айыпты мойындап, істеген іс әрекетіне өкінетінін айтты.

Сот үкімімен Б. Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 287-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған 100 сағатқа қоғамдық жұмыстарға тарту жазасы тағайындалды.

Үкім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі