Судьялық әдеп кодексі

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында «Судьялық әдеп кодексі» тақырыбында  семинар сабағы өткізілді.

Семинар сабағына Хромтау аудандық сотының төрағасы Балмұханов А.Ж., кеңсе меңгерушісі Таргенова А.Ш., Хромтау аудандық сотының судьялары: Жумашкина С.Т., Аликулов С.Т., Жеткерген Е.А. қатысты.

Іс шара барысыныда төраға Балмұханов А.Ж. судья әдебі кодексінің 1- бабында көрсетілгендей, судья антқа адал болуға, заңдарды бұлжытпай сақтауға және судьялық мәртебені қадірлеуге, өзінің ар – ожданы  мен жеке басының қадір – қасиетін сақтауға міндетті және сот билігінің беделін түсіретін, судьяның абырой-беделіне нұқсан келтіретін және сот төрелігін жүзеге асыру кезінде оның объективтілігі мен тәуелсіздігіне күмән тудыратын жағдайлардың бәрінен қандай жағдайда болмасын өзін аулақ ұстауға тиісті екенін атап айтты.

Қорытынды сөзінде Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесі әлемдік өркениеттің құқықтық жүйелерінің ішінен лайықты орын алатындығына сеніммен қарайтынын айтты.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі