Сотты құрметтемеушілік

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Темір аудандық сотында азамат С. қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 653-бабының 1-бөлігі (сотты құрметтемеушілік) бойынша әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдарында көрсетілгендей, азамат С. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 188-бабының 2-бөлігінің 3) тармағымен өзіне қатысты қылмыстық іс бойынша сотталушы бола тұра, 2017 жылғы 27 ақпанда сағат 10.00ге және 2017 жылғы 03 наурызда сағат 10.00ге тиісті түрде сот отырысына шақырылған болса да, сотқа дәлелді себептерсіз келмей, оның қатысуынсыз соттың істі одан әрі қарауы мүмкіндігі болмаған. Сөйтіп С. өзінің әрекеттерімен сотқа құрметтемеушілік білдірген.

Темір аудандық сотының қаулысымен С. ҚР ӘҚБтК-нің 653-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып, оған әкімшілік жаза ретінде оған 5 тәулік  әкімшілік қамау тағайындалды. 

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі