Сотпен медиативтік келісім бекітілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотымен Ж.-ның жауапкер Ж.-дан ғимаратты жалдау, коммуналдық қызмет үшін қарыз ақшаны, өсімпұлды өндіру туралы талап арызы бойынша азаматтық іс қаралды.

Іс материалдарына сәйкес, 2016 жылғы 01 қазанда талапкер Ж. мен жауапкер Ж. арасында тұрғын үйді жалдау бойынша келісімшарт жасалып, оның шарттарына сәйкес, жауапкер ай сайын 200 000 теңге төлеп тұруға міндеттенді.

Алайда, жауапкер өз міндеттемелерін орындамағандықтан, жалға алу бойынша қарыз ақша сомасы 132 000 теңгені құрады.

Талапкер Ж. жауапкер Ж. - дан ғимаратты жалдау, коммуналдық қызмет үшін қарыз ақшаны, өсімпұлды өндіру туралы талап арызбен сотқа жүгінді.

Сотпен медиативтік келісім бекітіліп, оның шарттары бойынша жауапкер Ж. талапкер Ж. пайдасына 2017 жылдың 15 ақпанына дейінгі мерзімде 167 000 теңге төлеуге міндеттенді.

Талапкер өз кезегінде талап арыз талаптарынан толық көлемде бас тартты.

Ұйғарым заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі