Сот жол қозғалыс қатысушысының құқықтарын қорғады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ақтөбе қалалық сотымен талап қоюшы С. жауапкер «Ж.» ММ-не ашық тұрған жаңбыр арнаның торына соқтығысу нәтіжесінде материалдық шығынды өндіру туралы азаматтық ісі қаралды.

Сотта анықталғандай, 2016 жылы наурыз айында сағат 17-00  шамасында Ақтөбе қаласында, теміржол вокзалы маңайында, «А.» супермаркетіне қарсы автокөлік тұрағында, ашық тұрған жаңбыр арнаның торына соқтығысу нәтижесінде талап қоюшының  автокөлігінің қатысуымен жол көлік оқиғасы орын алған. Жол көлік оқиғасы салдарынан көлікке  95 759 теңгеге  механикалық зақым келтірілген.

«А.» ММ-нің Ережесінің 17 тармағына сәйкес, бөлім тапсырыс берушінің функциясын атқарады және ММ-нің балансында тұрған объектілерге бақылау жүргізеді, сонымен қатар жаңбыр арналарды, су ағатын арықтарды жөндеу және күтіп ұстауды жүзеге асырады. Сондықтан,  сот С.-ның талап арызын ішінара қанағаттандыруды шешті және «А.» ММ-нен талап қоюшының пайдасына 95 759 теңге шығын соммасын, 20 775 теңге сот шығындарын өндірді.

Шешім заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі