Сот салық бойынша сот бұйрығын шығарды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық соты «Қарғалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы» ММ-нің борышкерден көлік салығы бойынша берешекті өндіру туралы арызы бойынша  азаматтық істі қарады.

Мемлекеттік кірістер басқармасы борышкерге салық заңнамасын бұзуды жою туралы хабарламаны уақытылы тапсырған, алайда берешек төленбеген.

ҚР АПК-нің 135-бабының, 5-тармағына сәйкес сот бұйрығы  жеке тұлғалардан салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер бойынша берешекті және өсімпұлдарды, сондай-ақ кеден төлемдері, салықтар мен өсімпұлдар бойынша берешекті өндіріп алу туралы талаптар бойынша шығарылады.

ҚР Конституциясының 35-бабына сәйкес Заңды түрде белгіленген салықтарды, алымдарды және өзге де міндетті төлемдерді төлеу әркімнің борышы әрі міндеті болып табылады.

Осыған  байланысты борышкерден мемлекет пайдасына көлік құралдары салығы бойынша берешегін өндіру туралы сот бұйрығы шығарылды.

Сот бұйрығы заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі