«Сот отырысына БАҚ өкілдерін өткізу туралы» тақырыпта дөңгелек үстел өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында сот отырысына БАҚ өкілдерін өткізу туралы тақырыпта дөңгелек үстел өткізілді. Шараға БАҚ-пен жұмыс үйлестіруші  судья Ж.М.Сейтжапаров, судья Н.Е.Кендирбаева, сот мамандары, «Мұғалжар» газетінің редакторы А.Есқара және «Мамандандырылған күзет қызмет басқармасының» ММ -нің қызметкерлері қатысты.

Шара барысында судья Ж.М.Сейтжапаров  соттардың ғимаратында және оның аумағында  бұқаралық ақпарат құралдарының шақырылған өкілдерінің олардың кәсіби қызметіне байланысты техникалық құралдарымен кіруіне рұқсат етілетіндігін  және  БАҚ өкілдері қосымша олардың өкілеттіктерін растайтын құжаттарды көрсетуге тиіс екендігі туралы, Жергілікті соттардың ғимараттарында және оның аумағында  келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидасын, соттың аумағына жэне ғимараттарына алып өтуге тыйым салынған заттардың тізбесіне сәйкес тасымалдауға, өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету  бағытталған тәртіптік талаптарын түсіндірді.

Сонымен қатар,  судья Сейтжапаров Ж.М.  жергілікті соттың аумағына және ғимараттарына өткізу және объектішілік режимді ұйымдастыруды және жүзеге асыруды «МКҚБ» ММ-нің қызметкерлері  қамтамасыз ететіндігін, Жергілікті соттардың ғимараттарында және оның аумағында  келушілер үшін өткізу және объектішілік режимдерді қамтамасыз ету жөніндегі қағидасының талаптарын қатаң ұстануы қажет екендігін айтып өтті.

Шара соңында қатысушылар қойылған сұрақтарға толық жауап алып, осындай шара өткізілгендігіне алғыстарын білдірді. 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі