Сот отбасыны медиативті келісім бекіту арқылы сақтады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында талапкер Г.-ның жауапкер А.-ға неке бұзу туралы азаматтық  ісі қаралды.

Г. өзінің талап арызында А.-мен араларындағы некені мінездері жараспаған соң бұзуды сұрады.

Сот барысында тараптар  медиатордың көмегіне жүгініп, келісім жасады. Онда  тараптар  татуласып, отбасын сақтап қалуды шешті, ал талап қоюшы өз арызынан бас тартты.

Сот тараптарға Қазақстан Республикасының Азаматтық процесстік кодексінің 278-бабының 2-бөлігінің салдарын түсіндірді.

Тараптар дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісім жасаса және оны сот бекітсе, іс бойынша іс жүргізуді қысқартылады.

Сот ұйғарымымен азаматтық іс өндірісімен қысқартылды.

681 (алты жүз сексен бір) теңге төленген мемлекеттік баж талап қоюшы Г.-ға қайтарылды.

Сот ұйғарымы заңды күшіне еңген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі