Сот актісін орындамағаны үшін жазаға тартылды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Темір аудандық соты У.-ға қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 669-бабымен (сот үкiмiн, сот шешiмiн немесе өзге де сот актiсiн және атқарушылық құжатты орындамауы) бойынша әкімшілік іс қарады.

Іс материалдарында көрсетілгендей, азамат У., 2005 жылғы 16 наурыздағы  К.-ның пайдасына кәмелетке толмаған баласын асырап-бағу үшін табысының 1/4 бөлігі мөлшерінде алимент өндіру жөніндегі сот бұйрығына сәйкес борышкер бола тұра, сот бұйрығын тиісті түрде орындау қажеттілігі туралы бірнеше қайтара жасалған сот орындаушысының талабына қарамастан, аталған сот актісін орындамаған.

Темір аудандық сотының қаулысымен У. ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен кінәлі деп танылып, оған 15 883 теңге айыппұл салынды.

Қаулы заңды күшіне енген.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі