Сот актілерін орындауда туындайтын мәселелер талқыланды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Мұғалжар аудандық сотында аудандық сотының судьялары, сот мамандары, прокуратура органдарының, мемлекеттік және жеке сот орындаушылардың қатысуымен «Сот актілерін орындауда туындайтын мәселелер» атты тақырыпта дөңгелек үстел өтті.

Шараға аудандық сотының төрағасы С.З.Тасымбетов дөңгелек үстелді аша отырып, өткізіліп отырған шараның өзектілігі мен маңыздылығын айтып, сот актілерінің орындалуы ең маңызды қадам, өйткені бұл саты соттардың тәуелсіздігін көрсететін белгі  болып табылатындығын атап өтті. Сонымен қатар, біздің елімізде сот шешімдерінің  және басқа да атқаруға жататын құжаттарды орындау мәселелеріне басты назар аударылуда, әсіресе, орындау өндірісі туралы заңнаманы жетілдіру бойынша қажетті шаралар қабылданды, орындау өндірісі органдарының құрылымы мен жүйесі өзгертілді және сот орындаушыларының материалдық-техникалық базасы жақсартылды.

Шара барысында сот актілерінің орындалмау себептері, сот актілерін орындау барысында туындайтын мәселелер талқыланды.

Шара соңында сот актілерін орындау, соның ішінде, заңнамалық актілерге және ішкі құжаттарға өзгерістер енгізу, сонымен қатар, «Төрелік», Әділет министрлігінің және жеке сот орындаушылар базаларын жетілдіру бойынша ұсынымдар айтылды.ф

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі