Шетел азаматы тіркеу кезінде көрсетілген мақсатқа сәйкес емес қызметпен айналысқан

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында Молдова Республикасының азаматына қатысты Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 517-бабының 5-бөлігімен (Шетелдiктiң немесе азаматтығы жоқ адамның Қазақстан Республикасының халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзуы) әкімшілік ісі қаралды.

Істің құжаттарына сай, Молдова Республикасының азаматы Ч., Қазақстан Республикасына жеке мақсаттармен келген, содан Ақтөбе облысы Әйтеке би ауданы, Комсомол ауылында шаруашылық тауарларын сатқаны үшін, оған халықтың көші-қоны саласындағы заңнамасын бұзғаны үшін 18 шілде 2017 жылы әкімшілік хаттама толтырылған. Сөйтіп Молдова Республикасының азаматы Ч., көші-қон карточкасында көрсетілген мақсаттарға сәйкес емес қызмет жасап, Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 517-бабы 5-бөлігімен көзделген көші-қон саласындағы заңнамасын бұзғаны анықталды.

Сот қаулысымен Молдова Республикасының азаматы Ч-ға., қатысты  ҚР ӘҚБтК-нің 517-бабы 5-бөлігімен кінәлі деп танылып, ол 1 тәулік әкімшілік қамауға алынды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Қайнар: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі