Шалқар аудандық сотының судьяларымен көшпелі дәріс сабақтары өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотының судьялары А.Маханбетов пен С.Дәріқұлова Шалқар ауданы бойынша кірістер басқарасының, Шалқар аудандық білім бөлімінің, аудандық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің қызметкерлерімен, соттағы соңғы жаңалықтар және құқықтық сауатылық бойынша дәріс сабақтарын өткізді.

Аталған дәріс сабағында  судьялар  Мемлекет Басшысының «100 нақты қадам» Ұлт Жоспарының одан әрі іске асырылу барысына  тоқталып, соған сәйкес түсіндірме жұмыстарын жүргізді. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың белгіленген 5 институттық реформаны жүзеге асыруға арналған Ұлт Жоспарын орындау кезеңі 2016 жыл 1-қаңтарынан басталғанын, дамыған отыз елдің қатарына қосылуды іс жүзінде нақты қамтамасыз ету үшін еліміздің ұлттық заңнамасына айтарлықтай өзгерістер енгізілгенін, жаңа заңдар қабылданғанын және де бұл жағдай 2050 стратегиясын орындау жолындағы мемлекетіміздің құқықтық іргетасының берік екендігін білдіретінін тілге тиек етті.

Сонымен қатар, қабылданған жаңа азаматтық процестік кодекс, бес сатылы сот жүйесі үш сатылы болып жүргізілетінін, сот процестері толықтай аудио-бейне жазба арқылы өткізілетінін, қылмыстық іс пен қылмыстық теріс қылық ұғымын, электрондық арыздар мен сот жұмысының ашықтығы мен жариялылығын қамтамасыз ететін шараларды атап өтті.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі