Шалқар аудандық сотында семинар сабақ өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Шалқар аудандық сотында  «Прокуратура туралы» 30 маусым 2017ж. №81 заңымен  қабылданған заңды талдау мақсатында семинар сабақ  өткізілді.

Шараға сот төрағасы  О.Бақтыгереев, судья С.Дәріқұлова, соттың мамандары қатысты.

Баяндама жасаған бас маман А.Болысбай  заңның мазмұнына тоқталды.    

Осы Заң Қазақстан Республикасы прокуратурасының мәртебесін, құзыретін, қызметінің ұйымдастырылуы мен тәртібін айқындайтындығын атады.

Сонымен қатар,  бұл Заң  7-тараудан, 51-баптан тұратындығын және алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізілетіндігін  түсінідіріп өтті.

Семинар қорытындысы бойынша аталған мәселелер бойынша қатысушылар пікір алмасып  ұсынымдар берілді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі