Семинар сабағы өткізілді

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Хромтау аудандық сотында кеңсе меңгерушісі А.Таргенова  сот мамандардың арасында «Мемлекеттік қызметшілер қызметтік міндеттерін орындау кезінде қызметтік әдепті сақтау жаднамасын зерттеу, мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киіміне негізгі талаптар» тақырыбына семинар өткізді.

Семинар барысында кеңсе меңгерушісі А.Ш.Таргенова Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің әдеп кодексі халықтың мемлекеттік органдарға сенімін нығайтуға, мемлекеттік қызметте өзара қарым-қатынастың жоғары мәдениетін қалыптастыруға және мемлекеттік қызметшілердің әдепсіз мінез-құлық жағдайларының алдын алуға бағытталғанын айтып өтіп, әдеп кодексіндегі мемлекеттік қызметшілердің мінез-құлық стандарттары туралы, оның ішінде қызметтен тыс уақыттағы, қызметтік қатынастардағы мінез-құлық, сондай-ақ, көпшілік алдында сөйлеумен байланысты мінез-құлық стандарттары туралы толығырақ атап атап өтті. Сонымен қатар, мемлекеттік қызметкерлердің сыртқы бет-бейнесіне қойылатын талаптарға сәйкес келетін, еңбек тәртібін нығайтуға, қоғамдық санада сот қызметкерлеріне құрметпен қарауды қалыптастыруға мүмкіндік туғызатын бірыңғай киім үлгісі талқыланды.  

Іс-шара барысында сот қызметкерлері арасында туындаған сұрақтар талқыланып, өзара пікірлермен алмасты.

Семинар соңында, кеңсе меңгерушісі А.Ш.Таргенова сот қызметкерлеріне Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызметшілерінің Әдеп кодексі талаптарын және мемлекеттік қызметшілердің іскерлік киіміне талаптарын қатаң сақтауды тапсырды.

 

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі