Сауда тәртібін бұзған

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық сотында Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 200-бабының 1-бөлігімен (Қазақстан Республикасы заңнамасының алкоголь өнімін өткізу жөніндегі талаптарын бұзу) К.-ге қатысты әкімшілік іс қаралды.

Іс материалдары бойынша, К. 2017 жылғы 10 қаңтарда Қарғалы ауданы Бадамша кентінде орналасқан «Б» азық-түлік дүкенінде сатушы болып, 21 жасқа толмаған азамат Н.-ға екі шыны «Кристалл» арағын сатқан.

Қарғалы аудандық сотының қаулысымен К. ҚР ӘҚБтК-нің 200-бабының 1-бөлігімен кінәлі деп танылып және әкімшілік жаза ретінде тиісті қызмет түріне алкоголь өнімдерін өткізуге арналған лицензияның қолданысын 1 ай мерзімге тоқтата тұрып, 22 690 теңге айыппұл салынды.  

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі