Полиция қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамады

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Әйтеке би аудандық сотында Ғ.-ға қатысты әкімшілік іс қаралды.

Ол 2017 жылдың 05 ақпан күні сағат 18.22-ның шамасында Әйтеке би ауданы Қарабұтақ ауылы Аубакир көшесі бойында маркасы «Chevrolet Aveo» автокөлігін басқарып, полиция қызметкерлерінің көлікті тоқтату заңды талабын орындамай, ҚР ЖҚЕ 2.1.2 тармағының талабын бұзған, сөйтіп Қазақстан Республикасы Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 613-бабының 1-бөлігінде қарастырылған ішкі істер (полиция) органдары қызметкерінің көлік құралын тоқтату туралы заңды талабын орындамай құқық бұзушылық жасаған.

Сот азамат Ғ.-ны ҚР ӘҚБтК-нің 613-бабы 1-бөлігі кінәлі деп танып, оған 1 жыл мерзімге көлік жүргізу құқынан айыру жазасы тағайындалды.

Қаулы заңды күшіне енген жоқ.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі