Ойыл аудандық сотында 2016 жылдың 12 ай қорытындысы бойынша баспасөз мәжілісі өтті

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Ойыл аудандық сотында сот төрағасы міндетін атқарушы С.З.Танимова мен «Ойыл» газетінің редакторы С.Қойбағаровың қатысуымен, сот төрелігін жүргізуде 2016 жылдың 12 айында сотпен атқарылған жұмыстарының  қорытындысы  бойынша баспасөз мәслихаты өткізілді.

Баспасөз мәслихаты барысында сот төрағасы міндетін атқарушы С.З.Танимова, қылмыстық, азаматтық, әкімшілік құқық бұзушылық істер бойынша көрсеткіштері туралы айтты.

2016 жылдың 12 айында  барлығы 73 адамға қатысты 68 қылмыстық іс, 181 азаматтық іс және 234 әкімшілік іс қаралған.

Қаралған 68 қылмыстық істің ішінде 35 үкім шығарылған, 31 іс өндірістен қысқартылған, 2 қылмыстық іс соттылығы бойынша жолданды.

Қаралған 234 тұлғаға қатысты әкімшілік істің ішінде 195 адамға әкімшілік жаза қолданылса, 39 адамға қатысты әкімшілік іс өндірістен қысқартылған. Барлықістербойыншақараутәртібі мен мерзімдерібұзылмаған.

Сонымен қатар, сотта  істі қарау кезінде 28 азаматтық іс өндірістен қысқартылып, оның ішінде бітімгершілік келісіммен 15 азаматтық іс, медиация тәртібін қолданып 7 азаматтық іс өндірістен қысқартылған, 83 іске шешім, 19 іс қараусыз қалдырылған, 49 іске сот бұйрығы шығарылған.

Сондай-ақ, аудандық сот төрағасы міндетін атқарушы С.З.Танимова аудандық сотының судьялары мен сот қызметкерлері 2016 жылы жергілікті және республикалық басылымдарда сот қызметіндегі қолданып жатқан жаңа инновациялық технологияларға, сыбайлас жемқорлықпен күрес тақырыптарында, қазаң айында өткен ҚР Судьяларының VII Съезіне байланысты, сонымен қатар қаралған істерге қатысты 39 мақала жариялағандығын айтты.

Сот төрағасының міндетін атқарушы С.З.Танимова шараны қорытындылай келе БАҚ өкілінің көптеген сұрақтарына жауап беріп, қатысқаны үшін алғысын білдірді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі