Отбасы сақталып қалды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Талап қоюшы Г. З.өзінің уәждерін келтіріп, жауапкер Т.А .-мен араларындағы некені бұзу туралы сотқа арыз берген. 

Сот талқылауын дайындау барысында тараптар істі қарап жатқан судьяның медиация өткізуіне өтініш жасап, нәтижесінде тараптар дауды медиация тәртібімен реттеді.

Дауды медиация тәртібімен реттеу туралы келісімнің шарты бойынша жауапкер талап қоюшының талап арызы бойынша онымен татуласып, оны қудаламауға, жанұя тыныштығын бұзбауға, алкогольдік ішімдіктерін ішпеуге міндеттенді. Ал талап қоюшы жауапкермен келісімге келуіне байланысты Қарғалы аудандық сотына берілген талап арызынан толық бас тартты. 

Медиациялық келісім шартында көрсетілген мерзім ішінде жауапкер міндеттемені орындамаған жағдайда, талап қоюшы оны мәжбүрлеп орындату үшін атқару парағын шығару туралы сотқа арыз беруге құқығы бар екендігі жауапкерге түсіндірілді.

Сондай-ақ, тараптарға іс бойынша іс жүргізу тоқтатылған жағдайда сол тараптар арасында, сол мәселе туралы дау бойынша және сол негіздер бойынша екінші рет сотқа жүгінуге жол берілмейтіні де түсіндірілді.

Ақтөбе облысы Қарғалы аудандық сотының ұйғарымымен аталған азаматтық іс бойынша тараптар ұсынған медиациялық келісім бекітіліп, іс жүргізу тоқтатылды.

Ұйғарым заңды күшіне енді.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі