Іс оңайтылған іс жүргізу тәртібімен қаралды

Баспаға арналған нұсқасыБаспаға арналған нұсқасыХат жолдауХат жолдау

Қарғалы аудандық соты талапкер «С» ЖШС-нің банк займы бойынша берешек соманы  өндіру туралы  азаматтық істі оңайлатылған іс жүргізу тәртібімен  қарады.

Талап арызға сай  банк займы бойынша   жауапкерге қамтамасыз ету, жеделді, төлемді және қайтару шарты бойынша банк займы берілген, бірақ жауапкер мерзімді уақытында төлемді өтемей, шарт бойынша  міндеттемелерін орындамаған. Жауапкерден берешек сома өндіруді және төленген мемлекеттік бажды қайтаруды сұраған.

Сот жауапкердің өзі негіздейтін құжаттар мен дәлелдемелерді қоса беріп, талап қою арызына пікір (қарсылық) ұсынуы үшін мерзім белгіледі. Талап арызға жауапкерден пікір немесе қарсылық сотқа түскен жоқ.

ҚР АПК-нің 146-бабының 5-бөлігіне сай, пікірді, дәлелдемелерді және өзге де құжаттарды ұсыну үшін сот белгілеген мерзімдер өткеннен кейін сот тараптарды шақырмай істі оңайлатылған (жазбаша) іс жүргізу тәртібімен қарайды.

Қарғалы аудандық соты талапкер «С» ЖШС-нің талап арызын толықтай қанағаттандырып, жауапкерден талапкердің  пайдасына жалпы сома 136 456  теңге берешек сомасы және 4 094 теңге мемлекет баж  өндіру туралы шешім шығарды.

Источник: 
Ақтөбе облыстық сотының баспасөз қызметі